Ресейде коронавирус қайта күшейді. Елде соңғы бір аптада вирустың таралуы 30 процентке артып, ауруханаға түскен науқастар саны 20 процентке өсті. Қазір медициналық мекмелерде 210 мыңнан аса адам жұқпалы дертке қарсы ем қабылдауда. Тиісінше қазір, Ірі сауда орындарында ПТР-тест тапсыру орталықтары ашылып, мектептерде тестілеу жүргізіледі. Бірқатар аймақта QR жүйесі енгізіліп, зейнеткерлердің вирус жұқтыруы артқанына байланысты қарттарды оқшаулау қолға алынды.