Түркістан облысында жыл соңына дейін 50 елді мекен табиғи газға қосылады. Бұл туралы «Көгілдір отын көпке ортақ» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстелде айтылды. Жиында аймақты табиғи газбен қамту бойынша түйткілді мәселелер талқыланып, оларды шешудің тиімді тәсілдері ұсынылды.