Түркістан
EN

Заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысқан азаматты құрықтады

135
02.11.2023

Түркістандық полицейлер Сарыағаш ауданының аумағында заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысқан азаматты құрықтады. Күдікті Өзбекстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізіп, қызметі үшін ақша алған.  Жедел уәкілдер аудан тұрғынын көрсеткен кезекті қызметі үшін 130 000 теңге сомасында ақшалай қаражат алған сәтінде ұсталды.