Бүгін Қазақстанға Түркия президенті келді. Мәртебелі мейманды елорда әуежайында Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды. Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті өтеді. Оған Түркі Мемлекеттерінің Ұйымына мүше Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер Мажарстан мен Түрікменстанның көшбасшылары қатысады.