Түркістан
EN

Ақордада Қазақстан мен Венгрия қарым қатынасы талқыланды

141
02.11.2023

Ақорда кешеден бері еуропалық меймандарды қарсы алып жатыр. Франция президенті Макронның ізін ала бүгін резиденцияға Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан келді. Ресми сапардың мақсаты Қазақстан мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастық аясын кеңейту. Екі ел басшылары кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Тараптар саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық ынтымақтастық пен мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге баса мән берді. Айта кетсем, мемлекеттер арасындағы тауар айналымы былтыр 20 пайыздан артық өсім көрсеткен. Енді сауда-саттықты 1 миллиард долларға дейін жеткізуге әлеуетіміз бар,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ президент елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Виктор Орбанға ризашылығын білдірді.