Түркістандағы жаңа театр шымылдығы «Бөрте» спектаклімен түрілмек. 9-10 қазан күндері сахналатын қойылым драматург Дулат Исабековтың пьесасына негізделген. «Түркістан музыкалық драма театрының» директоры Айнұр Көпбасарова актерлық құраммен баспасөз конференциясын өткізді. Премьерада елімізге танымал театр саңлақтары Лейло Бекназар-Ханинга, Нүркен Өтеуілов пен Еркебұлан Дайыров сынды бірқатар әртістер ойнайды. Бөрте спектаклін қоюға Италиядан арнайы режиссер Карло Шаккалуганы шақырған. Шет елден келген білікті маман тарихи тұлға туралы спектаклді қою үшін біраз еңбектеніпті.