Түркістан
EN

Екі ел арасындағы транзиттік тасымалдауды арттыруға келісті

144
02.11.2023

Қазақстан мен Ресей өзара әуе қатынасын кеңейтіп, транзиттік тасымалдауды арттырады. Түркістан қаласында бас қосқан екі елдің үкімет басшыларының орынбасарлары осындай келісімге келді. Серік Жұманғарин мен Алексей Оверчуктың төрағалығымен өткен ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 24-ші отырысында цифрландыру, ауыл шаруашылығы, сауда-экономика саласындағы мәселелер де сөз болды.