Түркістан облысында 9 ай ішінде 636 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 380 адам қайтыс болған. Жол үстіндегі жантүршігерлік апаттардың алдын алу мақсатында Полиция департаменті ерекше акция өткізуді қолға алды. Жол-көлік оқиғаларынан сау тамтығы қалмаған көліктер тиелген көш облыстың түк-түкпірін аралап, көпшілікке жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңызын түсіндірді.