Түркістан облысында құны 722 млрд теңге болатын су электр станцияларының каскады салынуда. Өгем өзенінде орналасар нысан құрылысы сәтті аяқталса, өңірдің оңтүстік аймағындағы тұрғындар толықтай ауыз суға қол жеткізбек. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының облыстың кәсіпкерлер қауымдастығымен кездесуінде айтылды. Толығырақ тілші тарқатсын.