Жетісайда мақтаның бағасы да, сапасы да жыл санап төмендеп жатыр. Оған басты себеп, жердің тұздануы мен ағын судың тапшылығы. Бұл туралы аудан әкімі Серік Мамытов облыс орталығында өткен баспасөз жиынында айтты. Сондай-ақ, өңір басшысы әр түрлі мақта шиттерінің араласып кетуі де, дақылдың сапасына тікелей әсер етеді ,- дейді. Бүгінде оның алдын алу үшін шаруаларға жиі түсіндірме жұмыстарын жүргізу қолға алыныпты. Одан бөлек, аудандағы шикізатты қайта өңдеп, пайдаға жарату үшін шетелдік инвесторлармен кәсіпорын салу жоспарланған.