Түркістан облысына Премьер министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жұмыс сапарымен келіп, Сайрам және Ордабасы аудандарын аралады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірде мал бордақылау, сүт өңдеу, жылыжай шаруашылығындағы жобалар туралы айтып, кәсіпкерлермен кездестірді. Вице-премьер бастаған топ Сайрам ауданындағы мал бордақылаумен және ет өңдеумен айналысатын кәсіпорын жұмысымен танысты. 2018 жылы іске қосылған өндіріс орнының қуаттылығы жылына – 5 мың тонна ет. Өнім еліміздің өңірлерінен бөлек, Ресей мен Өзбекстанға экспортталады. Одан соң жылыжай шаруашылығымен айналысатын азаматтармен кездескен басшылар жұмысқа кедергі келтіретін факторларды бүкпесіз айту керектігін жеткізіп, жеке кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан тұрақты қолдау болатынын атап өтті. Шаруалар мен кәсіпкерлердің өтініштерін тыңдады.