Қазақстан спортшылары Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Азия Пара ойындарын аяқтады. Бұл додаға 131 отандасымыз спорттың 14 түрінен қатысып, 8 алтын, 12 күміс және 21 қола медальмен командалық есепте 11-орынға ие болды. Ал, түркістандық спортшылар ел қоржынына 3 күміс, 1 қола медаль салды. Жүлдегер спортшыларды жерлестері зор қошеметпен қарсы алды.