Түркістан
EN

Мақта терімі рекордтық көрсеткішке жетті

41
06.10.2021

Дизель отынының бағасы антирекорд көрсетсе, Мақтарал ауданында мақта терімі рекордтық көрсеткішке жетті. 33 гектар егістік алқаптан 70 мың тонна өнім жиналған. Шаруалар ақ алтынның бір келісін 300 теңгеден саудалап жатыр. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 150 теңгеге қымбат. Бұрын диқандар өңірдегі мақта өңдеу зауыттарына мақтаның келісін 120-140 теңгеден әзер өткізетін. Ол кеткен шығынды жаппай, шаруалардың ала жаздай еткен еңбегі далаға кететін.