Түркістан
EN

3000-нан астам отбасы баспаналы болды

128
30.10.2023

Түркістан облысында құрылыс жұмыстарының көлемі 5 жылдың ішінде 3 есе артты. 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 231 млрд. теңгені құрап, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  9%-ға өсті. Жыл басынан 669 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілды. Қосымша жыл соңына дейін жалпы алаңы 185 мың шаршы метрлі 55 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Нәтижесінде, 3 140 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады.