Түркістан
EN

Қарнақ ауылына Кенесары ханға ескерткіш тақта қойылды

190
30.10.2023

Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының Түркістан топырағында білім алғанынан хабарыңыз бар ма? Әйгілі қолбасшы 19-ғасырдың отызыншы жылдары Қарнақ қалашығындағы медреседе оқыған. Бүгінде Кентау қаласына қарасты мекеннің орталығына қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының ескерткіш тақтайшасы қойылды.