Қарағанды облысының Костенко шахтасындағы апаттан 46 адамның соңғысының мәйіті табылды. Бұл туралы қаза болған кеншінің жақындарына сүйенген жергілікті басылымдар хабарлады. ТЖМ әзірге ресми ақпарат таратпады. Еске салсақ, 28 қазанға қараған түні Костенко атындағы шахтада жарылыс болып, өрт басталған. Апат кезінде жер астында 252 кенші болған. 206-сы өз бетімен жер үстіне шыққан. Қалғаны сыртқа шыға алмай қалған.