Түркістан облысы құрылғалы бері негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 2,9 трлн. теңгеден асты. Сондай-ақ, 5 жылда 1,8 млрд. АҚШ долларына тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Облыс экономикасына биыл 662 млрд. теңге инвестиция бағытталып, 2022 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артып отыр. Инвестиция құрылымында негізгі үлес жеке инвестицияға тиесілі. Алдағы 5 жылда жалпы құны 3,3 трлн. теңгені құрайтын 194 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 15 мың жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Маңызды 11 жобаны іске асыру есебінен бюджетке жыл сайын 47 млрд. теңге салықтық түсімдер түседі.