Түркістан
EN

Шымкентте бір үйдің 5 адамы газдан уланып қайтыс болды

321
27.10.2023

Шымкентте 5 адам газдан уланып көз жұмды. Бәрі де бір отбасының мүшелері. Марқұм болғандар 39 жастағы ерлі-зайыптылар мен олардың 2007, 2008 және 2012 жылы туған балалары. Оқиға бүгін Ынтымақ-2 шағын ауданындағы жеке тұрғын үйде болған. Көршілерінің айтуынша, таңертең бұл үйдегі балалар мектепке бармапты. Алаңдаған мұғалімдер оқушысын іздеп келгенде қайғылы жағдайдың үстінен түскен.