Бұдан былай, білім ордаларына қойылған камераларды полиция қызметкерлері бақылайды. Яғни облыста орнатылған 550-ден астам бақылау құрылғылары жедел басқару орталығына қосылды. Себебі, мектептегі қауіпсіздік, тұрмыстық зорлық-зомбылық барлық жан ұшыра соғылған қоңыраулар «102» ге түседі. Сандарды сөйлетсек, бүгінге дейін облыс көлемінде 68 мың, Түркістан қаласы бойынша 18 мыңнан аса қоңырау түскен. Жалпы қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін өңірде 540 бейнебақылау орнатылған. Еске салсақ, жыл басынан бері камераның көмегімен 67 мың құқық бұзушылық пен, 95 қылмыс анықталыпты.