Бүгін - Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осыған орай Түркістан облысындағы шағын кәсіппен айналысып жүрген жандар жәрмеңке өткізді. Оған қыз-келіншіктердің қолынан шыққан түрлі бұйымдар мен өнімдер қойылды. Еңбекқор жандар таяуда ғана ашылған «Қамқорлық» жанұя орталығының көмегімен өз кәсіптерін бастаған. Жәрмеңке сөресінен орын тапқан заттар арасында қой жүні мен сиыр терісінен жасалған ұлттық нақыштағы киімдер, тұрмысқа қажетті заттар мен жұмсақ ойыншықтар бар.