Түркістан облысы Қарабұлақ өңірінде көлшіктерге қан құйылып, жағымсыз иісі қолқаны қауып жатқалы да 5 жылдан асып қалыпты. Біршама уақыт бұрын тұрғындар бұл мәселеге наразылық білдірген де болатын. Содан кейін ғана қозғалыс басталып, жауаптылар шешімін іздеуге кіріскен. Бір топ кәсіпкер таяуда Қытайға барғанда осы мәселеге нүкте қоятын жолды көріп келіпті. "Естімеген елде көп", - дегендей, келер жылы наурызда қан өңдейтін зауыттың құрылысы басталады. Бұл туралы Түркістан облысы мәслихатындағы депутаттық фракция мәжілісінің кезекті отырысында айтты.