Түркістан
EN

«Іскер ана» кәсіпкер әйелдер әзірлеген және отандық өндірушілердің жәрмеңкесі

89
27.10.2023

Бүгін - Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осыған орай Түркістан облысындағы шағын кәсіппен айналысатын әйелдер қауымы жәрмеңке өткізді. Оған қыз-келіншіктердің қолынан шыққан түрлі бұйымдар мен өнімдер қойылды. Еңбекқор жандар таяуда ғана ашылған «Қамқорлық» жанұя орталығының көмегімен өз кәсіптерін бастаған. Жәрмеңке сөресінен орын тапқан заттар арасында қой жүні мен сиыр терісінен жасалған ұлттық нақыштағы киімдер, тұрмысқа қажет заттар мен жұмсақ ойыншықтар бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама одан әрі жалғасын таба бермек.