Түркістан
EN

Ауылдарды сапалы интернетпен қамту жөніндегі жол картасын жүзеге асыру жұмыстары басталды

57
27.10.2023

Түркістан облысы бойынша сапалы интернетпен қамтуды қажет ететін 114 елді мекен бар. Биыл 30 ауылға жаңа базалық станция орнату және 62 елді мекеннің базалық станциясына жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарға енгізілді. Бұл туралы Түркістан облысына іссапармен келген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мәжілісте айтты. Жыл басынан бері 21 ауылға жаңа станция орнатылып, 32 ауылда базалық станциясына жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Қазір елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтудың 2025-ші жылға дейінгі жол картасы бар. Оның аясында облыс аумағындағы 203 ауылға жаңа базалық станциялар орнатылады және 74 елді мекенде орнатылған ұялы байланыс операторларының базалық станциясына жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.