Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Жетісу облысына барды. Оның аясында Президент өңірдегі бірқатар мәдени, туристік, өндірістік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр. Мемлекет басшысының жұмыс сапары көрнекті этнограф, фольклортанушы, ағартушы-ғалым Шоқан Уәлихановтың бейітіне зиярат етуден басталды. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық музейін аралап көрді. Мемлекет басшысына Шоқан Уәлихановтың өмірі мен еңбек жолы, тарихи-этнографиялық, георафиялық зерттеулері және ғұмырының соңғы кезеңі туралы тарихи деректер мен жәдігерлер таныстырылды.