Түркістан
EN

Сауран ауданының әкімі тағайындалды

179
26.10.2023

Түркістан облысы Сауран ауданына жаңа әкім тағайындалды. Енді бұл қызметті Таңғатаров Мақсат атқарады. Ал ауданды бұған дейін басқарған Ғалымжан Үсенбаев өз өтінішімен жұмысынан босатылған. Облыс әкімі ауданның дамуына өз үлесін қосқан Ғалымжан Үсенбаевқа алғыс білдіріп, жаңа бастамаларына сәттілік тіледі. Өңір басшысы аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, алдағы мақсат-міндеттерін айқындап берді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқындап берген бағытта халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуді, ауданда жаңа өндіріс орындарын ашып, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді, өндірілетін өнім көлемін арттыру бойынша жұмыстарды жүргізуді жүктеді.