Түркістан
EN

Түркістан облысында жылу беру маусымы басталды

125
26.10.2023

Түркістан облысының жылу беру маусымы басталды. Өңірдегі моноқала саналатын Кентау қаласын жылу маусымына қосу 1 қарашаға белгіленіп отыр. Қазіргі таңда облысқа 436 мың тонна көмір тасымалданған. Мамандардың айтуынша облыстағы жылу желілеріне тұтастай техникалық зерттеу де жүргізілген. Жылу желілерінің тозуы 44,8 пайызды құрап отыр. Оларды реконструкциялау бойынша 2025 жылға дейін арнайы іс-шаралар жоспары да жасалған.