Балаларға 5 жастан бастап вакцина салынуы мүмкін. Елді елең еткізген ақпарды Денсаулық сақтау министрі айтты. Одан өзге, Алексей Цой бірқатар елдерде 12 жастан бастап екпе алынып жатқанын жеткізді. Бізде мұндай тәжірибе қазір тек жоспарда екен. Себебі, оны отандық ғалымдар қауіпсіз екенін растаған жағдайда осындай мүмкіндік пайда болуы ықтимал. Ал тұрғындардың мұндай жаңалыққа қатысты ойлары қалай?