Түркістан
EN

Жер үй өртеніп, төрт бала көз жұмды

94
26.10.2023

Абай облысы Аягөз қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, бір үйдің 4 баласы көз жұмды. Баланың үлкені 8 жаста болса, кішісі бір жас шамасында. Оқиға кеше таңғы уақытта болған. Бұл кезде балалардың анасы сүт сатуға базарға кеткен. Әкесі жедел жәрдем қызметінде жұмыста болған. Алты адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы дереу оқиға орнына жетіп, қызыл жалынды жарты сағат ішінде ауыздықтаған. Қазіргі таңда тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жұмыстарын бастап кетті. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова оқиғаға қатысты мынадай пікір білдірді.