Түркістан
EN

Кітапханашылардың айлығы екі есе өсті

125
26.10.2023

2025 жылы кітапханашылардың жалақысы 100 пайызға дейін көтеріледі. Бұл туралы архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораш мәлімдеді. Қазір Қазақстанда 11 мыңға жуық кітапхана бар. Олардың үшеуі Республикалық мәртебеге ие. Жалпы кітап қоры – 328 миллион. Ал еліміздегі оқырман саны 9,5 миллионға жеткен. Республикадағы кітапханалардың 79 %-ы ауылдық жерде орналасқан.