Түркістан
EN

Президент: Бұл - Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн

105
24.10.2023

Республика күні - Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күні. Ақордада ұлттық мерекеге орай өткен жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Сондай-ақ, ол бүгінгі мерекенің маңыздылығына тоқталды. Салтанатты жиын барысында президент бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың арасында мәдениет, білім, ғылым, медицина, спорт сияқты түрлі саланың қызметкерлері мен ардагерлері бар.