Дизель отынының тапшылығы халықты әбден әбігерге түсірді. Өйткені, өткен аптада ғана 190 теңгенің төңірегінде саудаланған сұйық отын құны қазір кейбір бекеттерде 300 теңгеге дейін жеткен. Онда да 50 литрден артық сатылмайды. Мұндай жағдай жүк тасымалдаушылар мен шаруаларға оңай тимей тұр. Себебі, кей аудандарда егін мен шөп шабу науқаны әлі де аяқталған жоқ.