Қайта оралған ұлттық мейрам - Республика күнімен қатар, Түркістанның қала күні де тойлануда. Осыған орай көне шаһарда «Түркістан – бақ мекенім» атты гала концерт өтті. Оған Алматыдан белгілі эстрада жұлдыздары Жазира мен Жанболат арнайы келіп қатысты. Мерекелік шара шымылдығы Түркістанда туып, жалпы қазақты әлемге танытқан марқұм Бекзат Саттарханов жайлы туындыдан басталды.