Түркістандық тәртіп сақшылары бір отбасын ажал аузынан құтқарып қалды. Түркістан қалалық полиция басқармасының қос қызметкері патрульдеу кезінде өртеніп жатқан үйді байқап, қызыл жалынның ішінен тұрғындарды аман алып шыққан. Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше қазір отбасы мүшелерінің жағдайы қалыпты. Адам шығыны жоқ.