Түркістан
EN

Алматылық сот орындаушыны белгісіз біреулер соққыға жықты

92
06.10.2021

Алматыда заңсыз нысанды сүру кезінде сот орындаушысы соққыға жығылды. Оқиғаның қалай болғанын куәгерлердің бірі түсіріп алған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адамның сот орындаушысын бүйірден ұрып, қалай құлатқаны көрінеді. Бір қызығы мұны көріп тұрған полиция қыметкерлері ешқандай әрекет жасамаған. Жедел жәрдем дәрігері соққының денсаулыққа орта дәрежеде зиян келтіргенін айтты. Бұдан соң сот орындаушысын ұрған адам боксшы Жанқош Тұраровты шақырып, қорқытпақшы болған. Алайда кәсіби былғары қолғап шебері бұл ақпаратты жоққа шығарды. Бостандық аудандық полиция басқармасы бұл фактіні тіркеді. Сот орындаушысы үйдің иесіне арыз жазып, тиісті сараптамалар тағайындалды.