Түркістанда “Менің таңдауым - таза қала” атты жалпы қалалық сенбілік өтті. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау шарасына облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен қала әкімі және орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, мемлекеттік қызметшілер мен еріктілер қатысты. Кең көлемде өткен тазалық акциясына 1000-нан астам адам қатысты. Облыс әкімі тазалық іс-шарасына ат салысқандардың барлығымен әңгімелесіп, олардың белсенді өмірлік ұстанымы үшін, әсіресе, қоғам белсенділері мен этномәдени бірлестіктер мүшелеріне алғысын білдірді. Жалпықалалық сенбілікке қатысушылар қаладағы саябақтар мен гүлзарлардың аумағын қоқыстан тазартты.