Облыс орталығында жеке меншік білім ұяларының саны күн санап артып келеді. Солардың бірі «Baulu» бастауыш мектебі. Екі ауысымда 360-тан аса оқушыны қабылдауға қауқарлы білім ордасы оқу жылының 2-тоқсанынан бастап өз жұмысын бастауға дайын. Ең бастысы балалар ұзартылған топта тегін білім алады. Соңғы үлгіде жабдықталған су жаңа нысанды келесі бейнематериалдан көрейік.