Қазақстан халқы 25 қазан – Республика күнін қайтадан атап өте бастады. Араға он үш жыл салып былтыр бұл дата мемлекеттік мерекелер тізіміне қайта енді. Еліміз тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде жеткен жетістіктеріміз өте көп. Соның бірі - Түркістан қаласының облыс орталығы мәртебесін алуы. Биыл 5 жылдық мерейтой қарсаңында біз аймақтың бірқатар белестеріне шолу жасауды жөн көрдік. Республика күні қарсаңында түрленген Түркістанның бүгінгі келбеті мен даму қарқыны жайлы сюжетке кезек берсек.