“Ойлы болсаң, озып көр!” Дәл осындай атаумен Түркістанда шахматтан турнир өтті. Бұл “ Intellectualdy ult” жалпыұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған. Жарысқа 73 ойыншы қатысып, өзара бақ сынасты. Сондай-ақ жиында “Шахмат әліппесі” кітабының тұсауы кесілді.