Түлкібас ауданында жылына 20 мың тоннаға жуық әк өндіретін кәсіпорын бар. 2005 жылы қайта құрылған зауыт алғашқыда қорғасын өндіруге бағытталған екен. Тоқырау жылдарынан кейін әк тастарын өңдеуге қайта бейімделді. Бүгінде өндіріс орнында 100-ге жуық маман еңбек етеді. Ол әзірлейтін өнім бүгінде металлургия, түсті металды өңдеу, құрылыс саласында қолданылып жатыр.