Түркістан
EN

1,7 млн қазақстандық кредитін төлей алмай отыр – Мәжіліс төрағасы

67
20.10.2023

Қазақстанда 8,4 млн адамның басында кредиті бар. Олардың 1,7 миллионы несиесін төлей алмай жүр. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты. Оның сөзінше, бұл проблемаға банктер де «үлесін» қосып отыр. Одан қалды, бүгінде 14-16 жастағы жасөспірімдер де онлайн несие алып жүр. Ол үшін тек смартфон мен интернет болса жеткілікті. Сондай-ақ мәжіліс спикері кейбір жағдайда қазақстандықтар аса қажет емес зат үшін де несие алатынын айтты.