Республика күніне орай еліміздің әр аймағында кең көлемде түрлі іс-шаралар өтетін болады. Киелі шаһар Түркістанда да мерекеге қарсы бірқатар арнайы жоспарлар бекітілген. Мысалы, облыстағы 17 аудан-қалада 70-ке жуық іс-шаралар жоспарланған. Одан бөлек, 17 ауданда 17 түрлі әлеуметтік маңызды нысандар ашылады. Олардың қатарында Жетісай ауданында футбол алаңшасы, Сарыағаш ауданындағы дәрігерлік амбулатория, Шардара ауданындағы мәдениет үйі сынды нысандар бар. Мереке күні облыс орталығында Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтеді. Ал, 24-і күні Республика күніне арналған ауқымды концерт болмақ.