Тілсіз жаумен арпалысып, адам өміріне араша болған құтқарушылардың еңбегі ерен. Соның бірі – Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің аға лейтенанты Айдана Тұрсын. Ол – өрт сөндіру-құтқару спортынан әлем чемпионы. Кәсіби мереке қарсаңында қазақты әлемге танытып жүрген бойжеткенмен әріптесім тілдесіп қайтты.