Қараша айында өтетін сайлау Созақ пен Бәйдібек аудандарында пысықталды. Жиын ҚР орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің қатысуымен өтті. Төраға өңірдегі науқанға жауапты мекемелердің дайындық жұмыстарын шолып, тиісті тапсырмалар берді.