Әке көрген оқ жонар. Түлкібас ауданының Жыланды ауылында тұратын Абдул-Рауф Төгенбаев әке жолын жалғап, диқаншылықпен айналысуда. Қазіргі таңда еңбекқор азамат қызанақ, жүгері, бәдірен мен қарбыз өсіріп, дайын өнімді еліміздің сауда орындарына жіберуде. Күніне 100-150 жәшік қызанақ жинап алып, кәсібінің нәсібін көріп отыр.