Түркістан
EN

Германия елшісі іс-сапармен Кентау қаласына келді

121
05.10.2021

Германия елшісі Моника Иверсн жұмыс сапарымен Кентау қаласына келді. Ресми сапары барысында 2012 жылы Қазақстан мен Германияның ынтымақтастығы негізінде ашылған Қазақ-неміс политехникалық колледжінде қонақ болды. Аталған оқу орны Кентау трансформатор зауыты негізінде құрылған. Сондықтан дуальды оқу жүйесі тәсілімен электр жабдықтарымен жұмыс істейтін мамандарды дайындайды. Мұндағы оқу процесін трансформатор зауытының үздік инженерлік-техникалық қызметкерлері өткізеді. Неміс елшісі колледж оқытушылары мен студенттерімен кездесіп, оқу үрдісінің бағыт-бағдарын талқылады.