Түркістан
EN

Оқушылар асханасын кеңейту керек

57
19.10.2023

Балалар мектеп асханасына сыймай жатыр. Бұл Бәйдібек ауданында орналасқан Өмірбек Жолдасбеков атындағы жалпы орта мектепте күн сайын орын алатын жағдай. Бүгінде аудандағы 45 мектепте 1800-ден астам бала ыстық тамақпен қамтылса, оның 62-сі - дәл осы білім ұясының шәкірттері. Алайда асхана көлемі оқушы санына сай келмейді. Оның үстіне ыстық тамақпен қамтылатын балалар да күннен күнге артып жатқан көрінеді.