Екі ел арасындағы соғыс одан сайын ушықты. Күні кеше Газа секторындағы ауруханаға шабуыл жасалды. Салдарынан бір сәтте 800-ден астам адам қаза тапты. Палестиналықтар мен олардың жақтастары соққыны Израиль жасады деп айыптап отыр. Ал Израиль тарапы ғимаратқа палестиналық зымыран түсті деп мәлімдеді. Бұл оқиғадан соң Таяу Шығыс елдерінде наразылық шаралары көбейді. Шерушілер Вашингтонның Капитолийінде орналасқан АҚШ Конгресі ғимараттарының біріне басып кірді. Ал, Ыстанбұлда ереуілшілер жиыны полициямен қақтығысқа ұласып, 60 адам зардап шекті. Тәртіпсіздікті ұйымдастырған бес адам қамауға алынды. Газа ауруханасына соққыдан жүздеген адамның қаза болуына байланысты Түркия билігі үшкүндік аза тұту жариялады.