Түркістан
EN

Түркістанда автобус апатқа ұшырады

122
18.10.2023

Түркістанда №17 бағыттағы жолаушылар автобусы Hyundai жеңіл автокөлігімен соқтығысып, жеке тұрғын үйдің ішіне кіріп кеткен. Оқиға таңғы сағат 09:00 шамасында болған. Ішінде жолаушылары бар автобус үйдің жатын бөлмесінің қабырғасын бұзып өткен. Оқиға болған сәтте дәл осы бөлмеде егде жастағы әйел демалып жатқан. Абырой болғанда, азаматша тек аяғынан жарақат алды. Үй иесінің айтуынша, оқиға орнына жедел жәрдем қызметі дереу жетіп, автобус жолаушыларын шұғыл түрде ауруханаға алып кеткен. Қазір оқыс оқиға болған орында полиция қызметкерлері анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.