Түркістан
EN

Парламент Ұлттық қордан балаларға ақша аударуды заңнамалық тұрғыда бекітті

44
18.10.2023

Парламент Ұлттық қордан балаларға ақша аударуды заңнамалық тұрғыда бекітті. Құжаттың негізгі мақсаты - кәмелетке толған кезде жиналған қаражат есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе білім алуға мүмкіндік жасау мақсатында өскелең ұрпақты қолдау. Жалпы отырыс барысында палата депутаттары Сенат енгізген түзетулермен келісті. Айта кетсем, Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Ұлттық қор – балаларға» атты жобаны іске асыруды ұсынды. Бұл жоба - өскелең ұрпақтың ересек өмірге нақты жолдама алуына бағытталған алғашқы қадам. Қазір ресми деректер бойынша елімізде 18 жасқа дейін 6,7 млн бала бар. Заңға сәйкес Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында тең бөлу көзделген. Ұлттық қор қаражаты білім алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған нақты екі мақсатта пайдаланылады.