Түркістанда «VOICE OF TURAN» халықаралық ән байқауы өтеді. Еуропа мен Азия елдерінен келген 15 өнерпаз өзара бақ сынайтын байқаудың басты ерекшелігі – онда әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған үздік әншілер қазақ тілінде ән шырқайды. Қатысушылар дайындық жұмысын бастап кетті. Дәл қазір Ұлы Дала елі орталығында жеребе тастау рәсімі өтіп жатыр. Кім нешінші болып шығады? Оқиға орнынан тілшіміз жүр, жай-жапсарын сол баяндасын.